Сот Серік Ахметовтің мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарады

Сот Серік Ахметовтің мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарады

Сот Серік Ахметовтің мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарады
ашық дереккөзі
219
Серік Ахметовтің шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрап жазған өтініші бүгін сотта қаралды, деп хабарлайды «Хабар 24». Қорғаушысы отырысқа барлық қажетті құжаттарды алып келген. Оның айтуынша, экс-премьер шығынды толық өтеген, пробация қызметіне уақтылы келіп тұрған, оң мінездемесі бар. Алайда прокурорлар Серік Ахметовтің осы аралықта түзелгенін айғақтайтын нақты дәлелдер керек деп санайды. Бірақ ол қандай талаптар бойынша анықталады, айыптаушы тарап ол жағын айта алмады. Естеріңізге сала кетейік, Серік Ахметов сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ал 2017 жылдың қыркүйек айында жаза жеңілдетіліп, бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды. Мерзімінің аяқталуына әлі үш жыл бар. "Ахметов мырза жазасын өтеу кезінде ешқандай тәртіп бұзған жоқ. Пробация қызметінің барлық талаптарын бұлжытпай орындады. Ал шартты түрде мерзімінен бұрын босату үшін осы екі критерий жеткілікті. Демек, Қылмыстық кодекстің 72-бабының 1-бөліміне сәйкес, ол ешқандай қосымша талапсыз босатылуы тиіс", - дейді  С.Ахметовтың адвокаты Николай Лесник.   

Серіктес жаңалықтары