Алматыда қара топырақты тонналап ұрлағандар ұсталды

Алматыда қара топырақты тонналап ұрлағандар ұсталды

Алматыда қара топырақты тонналап ұрлағандар ұсталды
ашық дереккөзі
753
Алматыда қара топырақты заңсыз әкетудің 13 фактісі анықталды. Бұл туралы жергілікті полиция өкілдері хабарлады.  «Екі күннің ішінде 13 факті анықталды, 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдың жалпы сомасы 450 мың теңгені құрады», - деді Алматы қалалық жергілікті полиция қызметінің басшысы Төрехан Исин. Спикердің айтуынша, эпизодтардың бірін Наурызбай ауданының аумағында полиция анықтаған. Бейтаныс тұлға жер учаскесінің иесінің рұқсатынсыз қара топырақты тиеп әкетпекші болған. Бостандық ауданында да біреулер жердің құнарлы қабатын қазып алған. «Біз жер учаскелерінің иелерін таптық. Олармен мүлікті қорғау тақырыбында әңгімелестік. Қазір бұл жерлер күзетке алынды. Айналасы қоршалып, шлагбаум орнатылды. Бұл өте маңызды шаралар. Айтпақшы, әкімшілік полицияның мамандандырылған батальон қызметкерлері, сонымен қатар жол-патрульдік полиция қызметкерлері құнарлы топырақты заңсыз қазып алу фактілерін анықтау жұмыстарына белсенді атсалысып жатыр. Олар қара топырақ тиеген көліктерді назардан тыс қалдырмайды», - деп қорытындылады Төрехан Исин. Сонымен қатар, ол жоғарыда аталған фактілер анықталса, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалатынын атап өтті. Бұған дейін, қалада қара топырақты ұрлау фактілері анықталған болатын.  

Серіктес жаңалықтары