«Egemen Qazaqstan» газетінің Алматыдағы редакциясын Жүсіпбек Қорғасбек басқарады

«Egemen Qazaqstan» газетінің Алматыдағы редакциясын Жүсіпбек Қорғасбек басқарады

«Egemen Qazaqstan» газетінің Алматыдағы редакциясын Жүсіпбек Қорғасбек басқарады
ашық дереккөзі
420
«Egemen Qazaqstan» газетінің Алматы қаласындағы редакциясының басшысы лауазымына Жүсіпбек Қорғасбек тағайындалды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев facebook парақшасында хабарлады. «Ғасырлық тарихы бар, қазақ баспасөзінің қара шаңырағы саналатын «Egemen Qazaqstan» газетінің Алматы қаласындағы редакциясының басшысы лауазымына Жүсіпбек Қорғасбекті тағайындадым. Жүсіпбек Нұрақынұлы елімізге белгілі журналист, еңбек жолын «Лениншіл жас» газетінен бастап, «Қазақ әдебиеті», «Жас алаш» басылымдарында еңбек еткен. 2008 жылдан бастап «Жас өркен» ЖШС-нің бас директоры қызметін абыроймен атқарып келді. Серіктестіктің құрамындағы «Ұлан», «Дружные ребята» газеттері, «Ақ желкен», «Балдырған» журналдары еліміздегі барлық балалардың сүйікті басылымдарына айналды. Бұл ұжымның табанды еңбегінің жемісі деп білемін», - деп жазды министр.  

Серіктес жаңалықтары