Назипа Алтаева: Адал еңбек  ырысты арттырады  

Сондай-ақ!

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Бауыржан Иманғалиев: Жүргеновті зерттеу маған аманат етілген

Темірбек Жүргеновтің қайраткерлігін, одан бөлек әдеби мұрасын жан-жақты зерттеп, ғылыми айналымға енгізген бірден-бір ғалым болса, ол – Бауыржан Иманғалиев. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан ...

Қазақстан халқының 8,7 миллионға жуығы – аналар, сүйікті жар, мейірімді отанасы. Бүгінгі қыз-келіншектер қол қусырып отырмай, өз кәсібін ашуға бейім. Біздің кейіпкеріміз Нәзипа Қалдашқызы да бірнеше істі қолға алып, дөңгелетіп жүрген кәсіпкердің бірі. Ол «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының жанынан ашылған Түркістан облысы Жетісай аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы қызметін де қатар атқарып, қаншама қыз-келіншектің кәсіп ашуына бағыт-бағдар беріп келеді. 

 

– Назипа Қалдашқызы, әуелі әңгімемізді кедергісі мен қиындығы көп кәсіп ашудан бастасақ. Әйел затының бұл істі қолға алуына күмәнмен қарайтындар көп қой…

– Өзім қазіргі Түркістан облысы, Мақ­та­арал ауданының тумасымын. Қазір Же­тісай қаласында тұрамын. Біз мектеп бі­тір­ген жылдары халықтың жағдайы өте қиын еді. Әкем Қалдаш Айтбайұлы 35 жыл дүкенші боп жұмыс істесе, анам үй шаруасын дөңгелетті. 2 ұл, 6 қызды тәр­бие­леп өсірді. Ал өзім үйдің сүт кен­же­сімін. Әкем «әйел заты табиғатынан тәр­биеші» деп 6 қыздың бәрін мұғалімдікке оқытты. Мектепте жұмыс істегеніме – 24 жыл. Педагог-психолог жұмысын қатар алып келдім. Менің арғы атам Ұлы Жібек жолы арқылы керуен тасыған, яғни керуенбасы болған екен. Кейін сол жолда жүріп, із-түзсіз жоғалып кеткен деседі. Бәлкім, саудаға жақындығымыз қанда бар шығар, кім білсін?! 1991 жылдары анам сауда жасауға шықты. Екеуміз айран көже жасап, саттық. Сол кезде неше жыл үйде отырған анамның есепке деген мықты­лы­ғына таңқалдым. 2001 жылдан бастап кәсіпкерлікке ден қоя бастадым. Шынын айтсам, әуелгіде саудаға мұқтаждықтың арқасында келдік. Күніне 500 теңгеге сауда жасайтын нүктеден бес айда 250 мың теңгеге дейін кіріс кірді. Содан-ақ бұл тірліктің маған қол екенін білдім. 20 жыл ішінде қаншама дүкен ашып, нешеуін жаптық. Бірте-бірте кішігірім сауда нүкте­ле­рінен үлкен супермаркеттерге ойыстым. Жеті­сай және Мақтаарал ауданында 4 супер­мар­кет, Алматы қаласында екі дү­ке­нім бар. Бұдан бөлек фитнес клуб, дәмхана, тігін цехын аштым. Бірақ түптеп келгенде, нанымды дүкендерім мен тігін цехынан тауып келемін. Қазір екі саланы қатар алып келе жатқаныма тура 20 жылдай болыпты.

Ең бірінші кәсіпкер ретінде танытқан, еңбегімді бағалаған Мақтаарал ауданы­ның әкімі Бақыт Асанов мырзаға алғы­сым­ды білдіремін. Көп басшыға қай­мы­ғып, кіре алмайсың ғой. Бұл кісіге қашан барсаң да есігі айқара ашық. Ал Жетісай ауданының әкімі  Жамантай Бейсенбаев та жылы қабақ танытып, өз тарапынан қыз-келіншектерге үнемі көмек беруге дайын екенін жеткізеді. Екеуі де қара­пайым. Халық ішінде жүреді.

– Сіздің кір сабын өндіретін цехыңыз да бар екен. Мұны ашу үшін мемлекеттің көмегіне жүгіндіңіз бе, әлде…

– Кәсіп көзін тауып, оның қыр-сырын мең­гере бастаған соң, басқа небір тың идеялар келе береді екен. Бұрын сабынды тұтынушы ретінде Ресейден алдыртатын едік. Кейін қарап тұрсақ, шығыны көпке шығады екен. Бірде осы ұсынысымды жергілікті аудан басшылығына айтып ем, қуана құптады. Сөйтіп, Түркістан облысы­нан арнайы қондырғыны сатып алдық. Тех­но­логиясы арнайы рецептпен жаса­ла­тын кәдімгі кір сабын өндіреміз. Күніне 2 мың дана сабын шығарамыз. Қосымша құрал-жабдық алсақ, бұдан да көп өнім өндіруге болады. Кәдімгі ақ майдың қал­дық­тарынан жасалады, шикізат та өзі­міздікі. Сапасы өте керемет. Кірді жақсы ала­ды. Дақты кетіреді. Жағымсыз иісі де жоқ. Түрлі химикат, иістендіргіш те қос­паймыз. Нәтижесінде клиент қоспасақ, азайтқан жоқпыз. Бүгінде көп цех пайда көру үшін қоспаны көбейтіп, табиғи­лығын жойып жібереді. Сосын салмағы жағынан да алдау жоқ. Бағасы да төмен. Мәселен, кейбір сабында 320 грамм деп жазылғанымен көбінесе 290 грамм болып шығады. Бұрын әкем: «Адал еңбек ырысты арт­тырады, таразыдан жеген тасбақа бо­ла­ды» дейтін. Ешкімнің ақысын жемеуді айтатын. Сол сөз мәңгі құлағымда жат­та­лып қалған. Тіпті, жұрт нәрестелерді де осы сабынға шомылдырады екен. Көбі­не­се аллергиясы бар адамдарға тап­тыр­майды. Қазір өнім ауылды жерде сұ­ра­нысқа ие. Тез өтіп кетеді. Жетісай, Мақ­та­арал ауданын тұтастай қамтамасыз етіп отырмыз. Жақында Шардара ауданына да шықтық. Ташкент қаласында өткен Кә­сіп­керлер форумына қатысып, сабынды Мақтаарал ауданынан шығатын отандық өнім ретінде көрмеге қойдық. Сонда Грузиядан келген іскер әйелдер кеңесінің басшысы «Бұл сабынды қалай алсақ бо­ла­ды?» деген өтініш-ұсынысын айтты. Егер шетелден сұраныс түссе, кір сабынды қаптап, бренд жасап, «Жетісай сабыны» деп шығарсақ деген ой келді. Жақында Түркістан облысы әкімдігі қызығушылық танытып, «өнімді Түркістан облысының ау­дандарына таратсақ» деген ұсыныс жасады. Айтпақшы, сабын цехын өз қаржыма аштым. Неге несие алмадым? Себебі сенетін бауырларым, инвестор­ла­рым бар. Бауырларым қолғабыс етіп, жан-жақтан қолдау көрсетті. Сол кісілердің қаржылай, рухани көмегінің арқасында осы күнге жеттім. Қазір қарамағымда             80-ге жуық адам жұмыс істейді. Сабын шы­ға­ра­тын цехта 4 адам жұмыспен қам­тылған. Оның көбі – жалғызбасты әйел­дер, көп­ба­лалы аналар.

– Бүгінде кәсіп ашуға әйелдердің құлшынысы жоғары. Оларға несие беруде жеңілдік қарастырылған ба? Жетісай аудандық іскер әйелдер кеңе­сі­нің төрайымы ретінде кәсіп ашу­ға ниеттенген қыз-келін­шек­терге қандай демеу көрсетесіз?

– Өзім кәсіпкер ретінде несие алмасам да, кәсіп ашқысы келетін әйелдерге ми­кро­несиені алудың жолдарын көрсетіп келе­міз. Өйткені, «Атамекен» кәсіпкерлер пала­та­сы арқылы көп жеңілдік берілуде. Ол үшін қабылданған арнайы бағдар­ла­ма­лар бар. Мәселен, 18 жастан 29 жасқа дейінгі кәсіпкер болам дейтін қыз-ке­лін­шектерге 505 мың теңге көлемінде қай­та­рымсыз грант беріледі. Олар өздерінің идея­сын, жобасын, бизнес-жоспарын ұсы­нуы керек. Бүгінгі таңда 45 әйел грант алды. Оларға қа­ражатты дұрыс жолға жұм­сауды көр­се­тіп жібереміз. Көбінесе ауыл әйелдері тігін, кондитерлік цех ашу­ға ақша алады. Ко­мис­сия мүшесі бо­л­ған­нан кейін барып та тексердік. Шын мә­нін­де, сол бағыт бойын­ша жұмыс істеп жат­қанына куә боламыз.

Гранттың тағы бір түрі – 29 жастан 58 жасқа дейінгі әйелдерге 250 мың теңге көлемінде қайтарымсыз ақша беріледі. Тіпті, 3 млн теңге көлемінде грант ұтып ал­ған келіншек бар. Оған ешкімге ұқса­майтын креативті идеясы үшін берілді. Сурет салады. Түрлі-түсті гаммамен жұ­мыс істейді. Ол табиғи тасты киімге тігіп, әшекейлейді. Тәспіні де табиғи тастан өреді. Біздің қолдаған жеріміз – бұйымды жасайтын қыздардың бәрі мүмкіндігі шектеулі жандар. Қазір 2 бөлмеде 4 қыз жұмыс істеп жатыр. Өмір сүруге деген құлшынысы оянып, қоғамдағы орнын анық сезінуде.

2 млн теңге көлемінде де грант бар. Мем­лекет тарапынан шағын және орта кә­сіп бастаймын дегендерге мүмкіндік те, көмек те көп. Өкініштісі, халықтың ара­сында ақпарат дұрыс жүргізілмейді. Біз ауыл әкімдіктерімен бірлесіп, ауыл әйел­деріне кәсіпкерлік туралы тың ақпарат беріп, осы бағытқа тартуды ойластырып жатырмыз. Қазір әйелдер отбасы қамымен көшеге шығып, Үкіметке де наразы­лық­тарын білдіруде. Оларға аудандағы кәсібін жүргізіп келе жатқан көпбалалы ана­ларды үлгі ретінде көрсетуге тыры­са­мыз. Таяуда үш күндік семинар өткізіп, жаңа­дан талаптанып отырған қыз-келін­шектерді жинап, оларға әлгіндей қиын жағдайдан шығып, кәсіп ашқандарды та­ныстырдық. Өмірдің өзі – сабақ. Әйел­дер арасында кәсіпкерлікке деген құл­шы­ныс, ұмтылыс жақсы. Өмірге деген көз­қа­расы өзгеріп келеді. Үш әйелдің бірі кәсіппен айналысатынын айтады.

– Өткенде ғана Парламент сенатының депутаты Дана Нұр­жі­гіт: «Ауылдағылар алған не­сие­сін далаға шашады» деген пі­кір айтқан еді. Сіз бұған не дейсіз?

– Шынында да, оңтүстік өңірде той өте көп. Әуелгі жылдары жұрт несиені той-томалақ жасауға, басқа да мақсатқа жұмсау үшін алатын еді. Қазір халықтың көзі ашылды. Мұндай ойдан арылған. Өйткені, қазір несиені тек белгілі бір жобаға бағыттап алады. Біз де көз­жұм­бай­лықпен қарап отырған жоқпыз. Кәсіп ашуға алған қондырғысын, құрал-жаб­ды­ғын көрсетеді. Жұмыс жүріп жатыр ма, жоқ па, қада­ға­лаймыз. Нәтиже беретініне көз жеткіземіз.

Аудан бойынша әйелдердің бизнес сауат­тылығын арттыру үшін семинар-тренингтер өткізіп келеміз. Біріншіден, пси­хологиялық сабақтар өтеді. Кәсіп ашу үшін адамның ойы жақсы бағытта болуы керек. Мәселен, Ақбаян Жақыпова әйел­дер психологиясын өзгертуге тырыс­са, биз­нес сауаттылық бойынша өзім бар біл­­генімді бөлісемін. Мұнда келген әйел­дер­дің 100 пайызы кәсіпкер болып кет­пейді. Тым болмағанда, 10 пайызы кәсіп бас­тап, алып кетсе жүрегіміз жарыла қуа­нар едік.

– Былайша айтқанда, ауылды көр­кейтуге, дамытуға үлес қо­сып жүрген жансыз. Әлі де түрлі идеяны жүзеге асырар мүм­кін­дігіңіз көп. Жалпы, өмірде алға қойған мақсатыңыз не?

– Кез келген адамның миссиясы бо­ла­ды. Менің миссиям – адамдарға кө­мек­тесу. Біреулер мұны мақтан ретінде ай­та­тын шығар. Менің соңымнан 15 кәсіпкер еріп шықты. Әр адамның өзіне лайықты кәсібін тауып беруге септігімді тигіземін. «Ата­ме­кен» кәсіпкерлер палатасының Жетісай аудандық іскер әйелдер кеңесіне келгенім де сол. Халыққа титтей болса да, пайдам тисе деймін. Көбінесе жас отба­сы­ларға көмектесіп тұрамын. Қазір ажы­расу көп. Бұрын былайғы жұрт оң­түс­тікті қаймағы бұзылмаған өңір деп білетін. Алайда, заман талабына орай, қыз-келін­шек­тердің де ой-өрісі, талап-тілегі өскен. Есесіне, ұлдарды босаңсытып тәрбиелеп жатырмыз ба, өзіне деген сенімділігі тө­мен. Олардан жауап­кер­ші­лікті талап ет­сек те, әйелдер бәрін өз мойнына алып жа­тыр. Меніңше, бұл жақсылық емес. Келе­шекте тұрақ­ты­лық бұзылады. Тәрбие мен салт-дәстүрді берік ұстанған оңтүс­тік­те де осы мәселе күн тәртібінде тұр. Мәсе­лен, отбасы құрып, шаңырақ көтер­ге­ніне 12 жыл болған от­ба­сы ажырасу алдында тұр екен. 2 баласы бар. Келіншегі: «Болды, бұдан әрі бірге тұра алмаймын» десе, күйеуі: «Шамам келгенше нәпақа тауып жатырмын, енді не істеймін?» дейді. Күйеуі – 90 мың, әйелі – 50 мың тең­ге та­бады. Өздері жалдамалы пәтерде тұра­ды. Бір отбасының шаңырағы шай­қа­лай­ын деп тұрғанда бейжай қарай алмадым. Үс­темесіз ақша беріп ем, екі бөлмелі вре­мян­касы бар жер сатып алды. Әлгі келін­шек менде жұмыс істейді. Еңбегіне адал. Сосын мен де көмек беруден бас тарт­па­дым. Мүмкіндік болса, жас отбасыға қолұшын беруге дайын тұрамын. Сондай-ақ, Арыста болған апат кезінде Мақтаарал аудандық іскер әйелдер кеңесінің төр­айымы Ақбаян Жақыпова екеуміз кәсіп­керлерден 6 млн теңге қаражат жинап, тұрғындарға көрпе-төсек, киім-кешек, аяқ киім жөнелттік.

– Әйел бақыты деген ұғымды қалай түсінесіз?

–  Байлық – бақыт емес. Бақыт – бала-шағамның дені сау болып, отбасымның береке-бірлікте өмір сүруі. Ауыл жұрты қа­лаға ұмтылады. Мүмкіндігі болса, көшіп кетуге әзір. Көбі маған: «Сенде бәрі бар. Қалаға неге қоныс аудармайсың?» дейді. Жоқ, мен ауылды сүйемін, ауылды жақсы көремін. Өзімді ауылдың патриоты сезі­немін.

– Кез келген балада ата-ана­дан арқалаған бір аманат бола­ды. Сізге берілген аманат қандай?

– Анам мені 43 жасында өмірге әкелді. Ол маған үнемі: «Адамның істегенін адам істейді» дейтін. Сол сөзді жадымнан шы­ғар­ған емеспін. Жан-жақты етіп тәр­бие­леді. «Мынаны істей алмаймын, қо­лым­­нан келмейді» деп айтпайтын едік. Тігін де тігем, шаш та қиям, тамақты да дәмді пісіремін, саудаға да бейіммін. Бақша да ектік, мақта да тердік дегендей. Өз киі­мім­ді өзім тігіп, киемін. Жұмыс істей жү­ріп, демалатын адамның қата­рынанмын.

Әкем ауданға сыйлы азамат болды. Әкем өмірден кеткеннен кейін де жұрт «Е-е, пәленшенің қызысың ба?! Әкең жақсы адам еді» десе, марқайып қала­тын­мын. Сол жолды бұзбауға іштей серт бересің сосын. Бүгінгі күнмен өмір сүріп, алдап-сулап пайда табу деген ұғымымда жоқ. «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» демей ме? Қашан да адалдықты, шынайы­лықты ту етіп келемін.

– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен

Мира Берікболова,

Динара Мыңжасарқызы

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...
мұрағат

Мұрағат қызметкерлерінің жалақысы өседі

Ол үшін 2,8 млрд теңге бөлінген. Премьер-министр Асқар Мамин ұлттық архив қорын қалыптастыру...
шырша

Ақтау: жаңажылда қаланы былтырдан қалған шыршалармен безендірмек

Биыл Ақтау көшелерін безендіріп, жаңажылдық шыршаны орнатуға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді, -...
Apple

Apple компаниясының жаһандық қауіпсіздік жөніндегі басшысы пара алды деп айыпталды

Ол 4 жасырын қару лицензиясын жалпы құны 70 мың доллар болатын iPad-тарға...
Қалқаман Сарин

Қалқаман Сарин: шетелдегі қандастарға ана тілді үйрету арқылы көмектесе аламыз (видео)

https://www.youtube.com/watch?v=kpBIsawEmfU&feature=youtu.be&ab_channel=TurkistanInternationalPoliticalWeekly Видео авторы Нұржан ТҰРҒЫМБАЙ

Қайрат Нұртастың әйелі «Әлем ханымы–2020» байқауына қатысады

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Қазақстанның атынан «Әлем ханымы–2020» байқауына қатысады. Бұл туралы ол...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...