807
Қазақстанда мұнай өндірісі 100 млн тоннаға артады
Қазақстанда мұнай өндірісі 100 млн тоннаға артады
2024 жылы Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 100 миллион тоннаға ұлғаяды. Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарын кеңейту арқылы осы мақсатқа қол жеткізілуі тиіс. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде айтылды.
Үкімет өкілдері 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму болжамдарын таныстырды. Соған сай номиналды ішкі өнім өседі. Келер жылы 75 триллион теңгеден 2024 жылы 106 триллион теңгеге жетеді. Дегенмен депутаттар экспорт мәселесіне алаңдап отыр. Көлемі жыл сайын бар болғаны 1 процентке ұлғаяды деген болжам бар. Бұл аздық етуі мүмкін.
Айта кетейік, қазір еліміздің мұнай өндірісі 90 миллион тоннаға жуықтайды. Алдағы 3 жылдық бюджет жобасына келсек, экономиканың барлық саласындағы міндеттемелерді орындап, қаражаттарды тиімді жұмсауға негізделген дегенді алға тартады депутаттар.