Нұрсұлтан Назарбаев Жапония премьер-министрімен кездесті

/
Нұрсұлтан Назарбаев Жапония премьер-министрімен кездесті
ашық дереккөзі
Нұрсұлтан Назарбаев Жапония премьер-министрімен кездесті Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Синдзо Абэге император Нарухитоның таққа отыру рәсіміне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды elbasy.kz Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық және сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады. Синдзо Абэ Қазақстанның антиядролық бастамаларына және жаппай қырып-жою қаруының таратылуына қарсы қабылдаған шараларына қолдау білдірді. Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Жапонияның премьер-министрі Корей түбегіндегі жағдай туралы пікір алмасты. Аймақтағы және әлемдегі басқа да қақтығыстарды бейбіт жолмен шешудің маңыздылығын атап өтті.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары