Түркістан облысында браконьерлер су қорғау инспекторына оқ атты

Түркістан облысында браконьерлер су қорғау инспекторына оқ атты

Түркістан облысында браконьерлер су қорғау инспекторына оқ атты
ашық дереккөзі
415

Түркістан облысында браконьерлер суды қорғау инспекторларына оқ атқан. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бүгінде күдікті қолға түсіпті, деп хабарлайды өңірлік полиция өкілдері. 

Полиция мәліметінше, оқиға Шардара су қоймасында орын алған. Инспекторлар түнгі шолу кезінде үш браконьер отырған қайықты байқапты. Жастар инспекторлардан жасырынбақ болғанымен, 17 шақырым жерді жүзіп өткеннен кейін, қайықтары тастардың арасына кептеліп қалады. Осы кезде жағалауда өзге де адамдар пайда болған. «Олар табиғатты қорғау қызметкерлеріне қарумен сес көрсетіп, артынша инспекторлар жаққа оқ атқан. Мұнан соң ұялы телефондарын тартып алып, балықшылармен бірге көлікке отырып, ізін суытыпты», - дейді полициядағылар. Жәбірленушілер полицияға шағымданған. Тәртіп сақшылары оқ атқандардың бірін қолға түсірді. Ол Шардара ауданының тұрғыны, түнде жүрген браконьерлердің бірінің әкесі болып шықты. Полицейлер тінту барысында ер адамнан аңшылық қаруы мен инспекторлардың ұялы телефондарын тәркіледі. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті тұтқындалды.

Серіктес жаңалықтары