Хатлон облысының тұрғыны Жәмила Каримова биыл маусым айында күйеуінің туыстарымен ұрсып қалғаннан кейін, ұлы Мұхаммаджонды каналға лақтырып жіберген. Баланың денесі бір апта өткеннен кейін табылған.
Сотталушының күйеуінің туыстары келін болып түскен күннен бері Жәмила жаңа туыстармен тіл табыса алмады дейді. Ал өзінің айтуынша, күйеуінің туыстарынан үнемі жәбір көрген. Бірнеше рет өзіне қол жұмсағысы келген.
Жәмила сотта істеген ісіне қатты өкінетінін білдірген. Ол ұлын суға лақтырғаннан кейін, артынан өзін де тастамақшы болған. Бірақ райынан қайтқан.
Жәмила Каримова 2018 жылдың басында Умеджон Халимовқа тұрмысқа шыққан. Күйеуінің сөзінше, үйдегі ұрыс-керіс анасының сөмкесінен ақша ұрланғаннан басталған. Бұған келіншегін кінәлайды. Бірақ ол соттан жеңіл жаза беруін сұрады.
391
Алты айлық сәбиін өлтірген әйел 15 жылға сотталды
Алты айлық сәбиін өлтірген әйел 15 жылға сотталды
Тәжікстанның Куляб қаласында 24 жастағы келіншек алты айлық сәбиін өлтіргені үшін 15 жылға сотталды, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.