396
Елімізде электронды сигареттер дәстүрлі темекілерге теңестірілмек
Елімізде электронды сигареттер дәстүрлі темекілерге теңестірілмек
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде темекіге әуестердің қатарын қысқартудың үшін жаңа заңнамалық тұрғыда электронды сигареттерді темекілерге теңестіру мәселесін көтерді.
«Бұл мәселені құқықтық база аясында шешу үшін заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізуді жоспарлап отырмыз. Яғни, электронды сигареттерді, вейпингтерді дәстүрлі темекілерге теңестіру керек. Бізде дәстүрлі темекіге деген талап қатал. Мейрамханада, қоғамдық орындарда темекі шегуге болмайды. Алайда бұл жерде мәселе заңнамалық түрде реттелмеген жаңа өнімдерде болып тұр. Күні ертең мен Парламентте заңнамаға енгізілетін жаңа өзгерістерді таныстырамын. Ол бойынша жоғарыда аталған өнімдер қатаң реттелетін болады», – деді Елжан Біртанов елордада өтіп жатқан онкологиядағы дүниежүзілік көшбасшылар саммитінде тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.