Алматы әкімі бірқатар қаламгерлерді Президенттің алғыс хатымен марапаттады

Алматы әкімі бірқатар қаламгерлерді Президенттің алғыс хатымен марапаттады

Алматы әкімі бірқатар қаламгерлерді Президенттің алғыс хатымен марапаттады
ашық дереккөзі
306
Биыл «ҚР Тіл туралы» заңының қабылданғанына 30 жыл. Осыған орай Алматыдағы бірнеше ақын, жазушылар ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталды. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев зиялы қауымды айтулы датамен құттықтап, қазақ тілінің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.  «Президентіміз өзінің жолдауында «Қазақ тілі енді жалпы ұлтаралық тілге айналуы керек» деп айтып өтті ғой. Соған да бірте-бірте жетеміз. Оңтүстік өңірлерді не батыс өңірді алсаңыз, негізінен қазақша сөйлейді», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.  />

Шараға жиналған мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, тіл жанашырлары қазақ тілін дамытуда өз ұсыныстарын айтты. Бірі, заңды қатаңдату керек десе, екіншісі мектептерде қазақ жазушыларының кітаптарын көбейткен жөн дейді. Сондай-ақ, қазақ тілін заман талабына сай дәріптеу де сөз болды.

<strong>«Соңғы 20 жылда мектеп кітапханаларына жаңа әдеби кітаптар түскен жоқ.  Оқулықтар және қосымша кітаптар болуы мүмкін. Бірақ қазақ жазушыларының кітаптары мектеп кітапханаларында жоқ. Ал, бұл – үлкен проблема»</strong>, – деді Қазақстан Жазушылары одағы төрағасының орынбасары Мереке ҚҰЛКЕНОВ.

<img src=

Серіктес жаңалықтары