249
Автобуспен бала тасымалдау үшін полицияға 3 күн бұрын хабарлау қажет
Автобуспен бала тасымалдау үшін полицияға 3 күн бұрын хабарлау қажет
Ақтөбелік полиция қызметкерлері қоғамдық көліктерді тексеріп жатыр. Республикалық шара аясында қалааралық және халықаралық бағыттардағы автобустардың техникалық жағдайы, жолаушылар тасымалдауға рұқсат беретін тиісті құжаттары басты назарда.
Өткен үш тәуліктің өзінде 500-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді дейді тәртіп сақшылары. Оның басым бөлігі - қоғамдық көлік жүргізушілерінің қозғалыс кезінде ұялы телефонды қолдануы. Мектеп оқушыларына арналған көліктер де жіті тексеріледі.
Айдос Құлжанов, облыстық пд жергілікті полиция қызметінің бөлімше басшысы:
- Даму және индустрия министрлігінің 349-бұйрығына сәйкес, балалар тасымалы кезінде полиция департаментін үш тәулік бұрын арнайы қатынас қағазын жіберіп, ескертуі қажет. Сонымен қатар полиция департаменті үш күн бұрын оның маршруттық бағытын тексеріп, көше жол торабын қарап, сонымен қатар автокөліктің техникалық жағдайын және балалар тасымалына арнайы құжаттарының бар-жоғы тексерілуі қажет.