РФ Президенті Кубогында Қазақстан құрамасы екінші орынға тұрақтады
РФ Президенті Кубогында Қазақстан құрамасы екінші орынға тұрақтады
Грозный қаласында өтіп жатқан Ауыр атлетика бойынша РФ Президентінің Кубогы үшін V халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Сайыс қорытындысы бойынша қазақстандық құрама 2-орынға табан тіреді.
Қазақстан ауыр атлетшілерінің қоржынында барлығы 5 медаль бар. 205 келіге дейінгі санатта екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильинге тең келетін спортшы болмады. Қазақстандық ауыр атлетші Илья Ильин өз салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тағып қана қоймай, серпе көтеру және қо сайыс нәтижесінде екі әлемдік рекордты жаңартты. Ал 2015 жылы әлем чемпионы атанған Александр Зайчиков екінші орынға тұрақтап, күміс медальге қол жеткізді.
94 келіге дейінгі санатта елімізден аталмыш турнирге 4 бірдей спортшы барған болатын. Олардың қатарында Денис Ұланов күміс медаль алды. бірінші орын ресейлік Адам Малиговқа бұйырды. Қазақстан спортшылары Рүстем Сыбай 4-ші, Ермек Өміртай 9-шы, Семен Линдер 12-ші орынға тұрақтады.
Ал 105 келіден жоғары салмақтағы зілтеміршілер арасында екі дүркін әлем чемпионы, ресейлік ауыр атлетші Руслан Албегов алтын медальге қол жеткізді. Турнирдің соңғы күнінде әйелдер арасында 75 келіден жоғары салмақ бойынша қазақстандық Александра Аборнева күміс жүлде иеленді.
Турнир қорытындысы бойынша, командалық есепте бірінші орынға Ресей тұрақтаса, үздік үштікті АҚШ құрамасы түйіндеді. Сайыстың жабылу салтанатында Шешен Республикасының ауыр атлетика федерациясының президенті Магомед Қадыров сайыстың жоғары деңгейде өткенін атап айтты. Сондай-ақ, турнир барысында жаңа рекорд орнатқан Қазақстан тарапына өз ризашылығын жеткізді.