Нұр-Сұлтанда 9 айда мүмкіндігі шектеулі 507 азамат жұмысқа орналасты

Нұр-Сұлтанда 9 айда мүмкіндігі шектеулі 507 азамат жұмысқа орналасты

Нұр-Сұлтанда 9 айда мүмкіндігі шектеулі 507 азамат жұмысқа орналасты
ашық дереккөзі
354

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтанда 507 мүмкіндігі шектеулі жан жұмысқа орналасты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мүгедектерді жұмысқа орналастырудың негізгі формасы жұмыс орындарын квоталау. Заңға сәйкес, квота кәсіпорын жұмысшыларының жалпы санының 2-ден 4 пайызына дейін белгіленеді. Квоталаудан бөлек, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылып тұрады. Мәселен ағымдағы жылдың 9 айында 20 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.  "Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар мен түзету мекемесінен босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар үшін де өткізілді. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шеңберінде 30-дан астам адам электр дәнекерлеу, видеографика, анимация және баска мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстан өтті", - делінген тартылған ақпаратта.  Ал елорданың мүмкіндігі шектеулі екі тұрғыны өз бизнес идеясын жүзеге асыруға 100 АЕК көлемінде  (252 500 теңге)  грантқа ие болды.

Серіктес жаңалықтары