442
Лаңкестер Ауғанстанды жарықсыз қалдырды
Лаңкестер Ауғанстанды жарықсыз қалдырды
Арам пиғылдылар Кабулдың солтүстігіндегі Саланг мойнағында жасанды жарылғыш заттармен Тәжікстаннан келетін электр желілерін зақымдаған. Салдарынан бірнеше провинция мен ел астанасы жарықсыз қалды, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.
Бүгінде жауаптылар электр желісін қалпына келтіріп қойыпты. Алайда ол уақытша шешім ғана. Өйткені талибандар электр бағандарын қайта бұзуы мүмкін. Бұл – екі ел арасында ежелден шешімін таппай келе жатқан мәселе. Ауғанстан билігі жағдайды бақылауда ұстай алмайтын көрінеді. Сондықтан осындай жағдайлар жиі орын алып тұрады.
Тәжікстан жарты ғасырға жуық Рогун ГЭС-нің құрылысын да электр энергиясын экспорттау үшін жүргізіп келеді. Жақында ғана 2-гидро агрегатты іске қосып, тоқ өндірудің көлемін арттырған еді. Рогундағы алты агрегаттың күші бүкіл ТМД елдерін электр энергиясымен қамтамасыз етуге қауқарлы. Алайда, көрші мемлекеттегі ішкі проблемалар экспортқа тосқауыл болуда.