Ұлттық банк теңгенің құнсыздануына қатысты түсінік берді

Ұлттық банк теңгенің құнсыздануына қатысты түсінік берді

Ұлттық банк теңгенің құнсыздануына қатысты түсінік берді
ашық дереккөзі
256

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Есжан Біртанов «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы бойынша баяндама жасады. 

"2019-2021 жылдарға инфляцияның нысаналы дәлізі 4-6% ауқымында белгіленген. Қыркүйек айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 5,3% деңгейде болды. Жеміс пен көкөніс бағасының маусымдық төмендеуіне қарамастан, дефляциялық процестер байқалмады. Азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 9,1%-ға өсіп, инфляцияға барынша көп үлес қосуын жалғастыруда. Басқа факторлардың ішінде азық-түлікке әлемдік бағаның жоғарылауын, іскерлік белсенділіктің өсуін және төлем балансының ағымдағы шотының нашарлауын атап өтуге болады", - деді Есжан Біртанов.  Оның бағалауынша, инфляция биылғы жылдың қорытындысы бойынша нысаналы дәліздің жоғарғы шекарасына жақын – 5,7-5,8% деңгейінде қалыптасады.
"Валюта нарығында мұнай бағасының төмендеуі аясында теңгенің біртіндеп әлсіреу үрдісі байқалады. Осы жылдың 9 айында мұнай бағасы орташа есеппен барреліне 65 АҚШ доллары деңгейінде қалыптасты, бұл 2018 жылға қарағанда 12%-ға төмен. 9 қазандағы жағдай бойынша теңге бағамы мұнайдың ағымдағы бағасы барреліне 58,3 доллар болып, 390,04 теңгені құрады. Жыл басынан бергі әлсіреу 1,5%-ды құрап отыр. 1 қазанда Ұлттық Банктің жалпы алтын валюта резервтері 28,8 млрд доллар болды. Елдің халықаралық резервтері жиынтығында, Ұлттық қордың активтерін қоса алғанда, 88,2 млрд долларды құрады", - деді Біртанов.
Маманның мәліметінше, 2018 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда тауарлар экспорты 0,8%-ға артып, 28,6 млрд долларды құрады. Тауарлар импорты 7,2%-ға өсіп, 17,2 млрд долларды құрады. "Кредиттік белсенділік біртіндеп қалпына келуде. Банк секторының жалпы кредит портфелі жыл басынан бері 1%-ға өсіп, 13,2 трлн теңгеге жетті. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда осы жылдың 8 айында банктер 10,9%-ға артық жаңа несиелер берді", - деп түйіндеді Есжан Біртанов.

Серіктес жаңалықтары