383
Зейнетақы жинағындағы қаржыны шешіп алудың шарттары қандай?
Зейнетақы жинағындағы қаржыны шешіп алудың шарттары қандай?
Зейнетақы жинағындағы қаржыны алуға рұқсат беру үшін үкімет қазақстандықтың қордағы ақшасы мен өмір сүру ұзақтығына қарайды. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында. Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты.
Вице-премьердің айтуынша, қазір зейнетақы жинағындағы қаражатты алуға қатысты мәселе пысықталып жатыр. Арнайы жұмыс тобы құрылған.
"Біріншіден, бұл әр азаматтың зейнетақы жинағына байланысты болады. Екіншіден – өмір сүру ұзақтығына. Бұл азамат шамамен қанша жыл зейнетақы алатынын есептейміз. Яғни, өмірінің қалған күндеріне жинаған қоры жете ме, жоқ па, соған қараймыз", - деді Сапарбаев.
Еске сала кетсек, 2 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы жолдауында үкімет пен Ұлттық банк зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыруы қажет екенін айтқан болатын.
Президент үкіметке жылдың соңына дейін қазақстандықтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана мен білімге жұмсауға пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырды.