547
Ресей "Ферғана" сайтын "қара тізімнен" шығарды
Ресей "Ферғана" сайтын "қара тізімнен" шығарды
Роскомнадзор 1 қазанда бөгет қойылған "Ферғана" ақпарат агенттігінің сайтын тыйым салынған мәліметтерді қамтыған ресурстар тізімінен шығарды. Бұл туралы агенттіктің бас директоры Даниил Кислов мәлімдеді.
Оның айтуынша, сайтты бұғаттауға Қырғызстанда зейнеткердің өзіне қол салғаны туралы мақала себеп болғаны анықталған.
Бас редактор Мария Дубнова мақаланы сайттан алғанымыз туралы Роскомнадзорға хабар бердік дейді.
Ресейде тіркелген "Ферғана" агенттігі Орталық Азия елдері жайында хабар таратады.