Келер жылдан бастап талапкерлер ЖОО-ға құжат тапсырмайды

Келер жылдан бастап талапкерлер ЖОО-ға құжат тапсырмайды

Келер жылдан бастап талапкерлер ЖОО-ға құжат тапсырмайды
ашық дереккөзі
397
Білім беру саласында 60-тан астам мемлекеттік қызмет электронды түрде қолжетімді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари мәлімдеді.  «Білім беру жүйесінде 67 қызмет электронды түрде қолжетімді. Мәселен, қазіргі уақытта жоғарғы оқу орнына құжат тапсыру қиын жұмыс болып көрінеді. 2020 жылдан бастап оның қажеті болмайды, себебі жыл соңына дейін барлық ақпарат цифрланады. «Күнделік» жүйесіндегі деректер автоматты түрде ЖОО-ға беріледі, сәйкесінше құжаттарды қайта тапсыру қажет емес. Жалпы, мектептер мен балабақшалардағы оқу процесі автоматтандырылған», - деді Рүстем Биғари бүгін Astana Hub технопаркінде әлеуметтік инновациялар зертханасының ашылуында. Сонымен бірге, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық өнеркәсіп вице-министрі Абылайхан Оспанов мемлекеттің балаларға қатысты қызметтерді көбірек ұсынып жатқанын жеткізді. «Өткен жылы SMS-хабарлама арқылы жаңа туған сәбиге ат қойып, туу туралы куәлік алу қызметін іске қостық. Ешқайда барудың қажеті жоқ. Электронды қызметтердің басым бөлігі балаларға көрсетілуі тиіс», - деді Абылайхан Оспанов.    

Серіктес жаңалықтары