Алматыда “Текті сөздің төресі – терме” атты байқау өтеді

Алматыда “Текті сөздің төресі – терме” атты байқау өтеді

Алматыда “Текті сөздің төресі – терме” атты  байқау өтеді
ашық дереккөзі
614
Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 15-інші қазан күні сағат 14:00-де Абай атындағы Қазақ Ұлттық педогогикалық университетінде “Рухани жаңғыру” бағдарламасы және “Жастар жылы” аясында “Текті сөздің төресі – терме” қалалық байқауы өтеді.  Байқаудың мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, талантты жастарды жан-жақты қолдау, “жыр-терме” ұлттық жанрын жастардың арасында кеңінен насихаттау, ұлттық жанрды жаңғырту және дамыту, қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнерін дамыту, халық арасында ұлттық мұрамызға және  рухани құндылықтарымызға деген қызығушылықты арттыру. Байқауға қатысушы үміткерлерге келесі тақырыптық бағыттар ұсынылады: – Жастық, өмір туралы; – Туған жер, қазақ елі, Отан туралы; – Ел бірлігі, мәңгілік ел, тіл туралы. Аталған байқауға белгілі қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қазылық етеді. Байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың терме орындаушылық шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына, киім сәніне баса назар аударылады. Байқаудың жүлдегерлері мен қатысушылары арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Байқаудың жүлде қоры: -бас жүлде 200 000 (екі жүз мың) теңге; -I дәрежелі диплом 150 000 (жүз елу мың) теңге; -II дәрежелі диплом 100 000 (жүз мың) теңге; -III дәрежелі диплом 70 000 (жетпіс мың) теңге. -номинация – 35 000 (отыз бес мың) теңгеден 2 адамға; -ынталандыру сыйлықтары 30 000 (отыз мың) теңгеден 2 адамға.

Серіктес жаңалықтары