458
Медицина саласындағы Нобель сыйлығы кімге бұйырды?
Медицина саласындағы Нобель сыйлығы кімге бұйырды?
Медицина және физиология саласындағы 2019 жылғы Нобель сыйлығы лауреаттарының есімдері жарияланды.
Олар - америкалық Уильям Келин мен Грэгг Семенза және британдық Питер Рэтклифф. Ғалымдар ағза жасушаларының оттегі деңгейінің өзгерістеріне қалай бейімделетінін зерттеген. Бұл зерттеулер қан аздық, қатерлі ісік секілді аурулармен күрес жүргізудің жаңа тәсілдерін ойлап табуға көмектесуі тиіс.
Сыйлықты табыстау рәсімі 10 желтоқсанда Швеция астанасы Стокгольмде өтеді. Осы аптада сондай-ақ физика, химия, әдебиет бойынша және бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы лауреаттарының есімдері белгілі болады.