245
Екі полковник істі болды
Екі полковник істі болды
Ақмола облысында жоғары лауазымды екі полиция қызметкері ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
"Ақмола облысы Полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен бірлесіп ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігі бойынша полиция полковниктері А.Е. Садуов және С.К. Жұмалинаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.
Құқықбұзушылықтар жыл бойы жалғасқаны анықталған. Полиция полковнигі Садуов полиция қызметінен босатылды. Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр. Садуов полиция басқармасы басшысының орынбасары болып 2018 жылы сәуірде тағайындалған.
Жұмалина ішкі істер органында 20 жыл қызмет еткен, 7 жыл Ақмола облысының полиция департаментінің қаржылық қауіпсіздік бөлімін басқарған.