Қостанайда көпірден секірген әйелге қатысты тергеу жүргізілуде

Қостанайда көпірден секірген әйелге қатысты тергеу жүргізілуде

Қостанайда көпірден секірген әйелге қатысты тергеу жүргізілуде
ашық дереккөзі
300
Қостанайда көпірден секіріп кеткен әйелге қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға бүгін сағат 10.16-да Қостанай қаласында болған. «102» кезекші пультіне көпір жанындағы бордюрға бір әйелдің мініп тұрғанын хабарланды. Оқиға орнына жедел тергеу тобы жұмылдырылды. Сәлден соң Тобыл өзенінен әйелдің денесі шығарылды. Алдын ала болжам бойынша, ол көпірден секіріп кеткен. Қазіргі уақытта әйел туралы мәліметтер анықталып жатыр», - делінген полицияның ақпаратында. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабымен «Өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу» тергеу шаралары басталды.

Серіктес жаңалықтары