Жұмыртқа бағасы шарықтап кетті

Жұмыртқа бағасы шарықтап кетті

Жұмыртқа бағасы шарықтап кетті
ашық дереккөзі
302

Желтоқсан айында елімізде тауық жұмыртқасының бағасы тамыз айымен салыстырғанда 5,3-тен 100 пайызға дейін қымбаттаған. Ал ҚР Ұлттық Экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті жұмыртқа бағасы негізсіз өсірілгендігін айтты.

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің жүргізген зерттеулеріне сүйенсек, жекелеген өндірушілерде тауық жұмыртқаларының бағаларын көтеруге ешқандай себеп жоқ. Комитеттің хабарламасында: «Бағалар нарыққа қатысушылардың тарапынан бағалық сөз байласу және үстем жағдайын теріс пайдалану арқылы алыпсатар тәсілімен негізсіз көтерілген», – деп көрсетілген.

Ал бұған дейін Қазақстан құс өсірушілер одағының төрағасы Руслан Шәріпов КТК арнасына берген сұхбатында: «Біз өзіміз пайда көріп жатқанымыз жоқ. арадағы делдалдар, яғни, дүкендер мен супермаркеттер 100-200 пайыз пайда көріп отыр. Жем арзан болса, жұмыртқа да арзан болады», – деген еді. Яғни, тауық жұмыртқасы бағасының шарықтауына жемнің, шикізаттың бағасының екі есе көтерілуі әсер етіп отырған көрінеді. Дегенмен, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті мұны әлі де кәсіпкерлердің кезекті қулығына балап отыр. Кәсіпкерлердің жұмыртқа бағасын мұнша шарықтатуы орынсыз екендігін айтқан комитет өкілдері күресті жалғастырмақ.

Серіктес жаңалықтары