Елбасы "Жыл адамы" атағын иеленді

Елбасы "Жыл адамы" атағын иеленді

Елбасы "Жыл адамы" атағын иеленді
ашық дереккөзі
222

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейде «Жыл адамы – 2015» атағына ие болды. Бұл атақ Қазақстан Президентіне «Халықаралық қатынастар» номинациясы бойынша бұйырды. Ресейдегі Қазақстан елшілігі осылай деп хабарлады.

Орыс биографиялық институты мен Экономикалық стратегиялар институты Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бұл жүлдені беру кезінде Қазақстан Президентінің  «Еуразиялық экономикалық одақтың нығаюына атсалысқанын және халықаралық саясаттағы жетістіктерін» негізге алғандығын айтуда. Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жыл адамы» атағын 2012 және 2014 да жылдары алған болатын.

Ал биылғы жылғы «Жыл адамы» жүлдесіне Қазақстан Президентімен қатар Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қытай Халық Республикасының басшысы Си Цзиньпин, Куба басшысы Рауль Кастро, Татарстанның алғашқы президенті Минтимер Шаймиев, академик Лео Бокерия, кинорежиссер Никита Михалков ие болды.

Серіктес жаңалықтары