Көлгінов елордадағы жаңа үйлердің сапасын сынға алды

Көлгінов елордадағы жаңа үйлердің сапасын сынға алды

Көлгінов елордадағы жаңа үйлердің сапасын сынға алды
ашық дереккөзі
330
Жаңа үйлердің бәрі қирап жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов "Nur Otan" партиясының қалалық филиалында құрылыс компаниялары мен пәтер иелері кооперативінің қызметі талқыға түскен жиында осылай деді. Партия хатшысы Марат Сембеков сервистік кәсіпорындардың жұмысына қазақстандықтардың көңілі толмайтынын жеткізді. Ал қала әкімі құрылыс компанияларына жаңа салынған үйлердің сапасыздығын айтып, сынға алды. Келесі айда барлық кемшілікті жоюға тапсырма берді, деп хабарлады "Астана" телеарнасы. Алтай Көлгінов пәтер иелері кооперативтеріне түсетін шағым көп деп отыр. Сондықтан тұрғындарға оның электронды нұсқасын құруды ұсынды. "Қазір адамдардың көбі жұмыста және күндіз уақыттары жоқ екендігі түсінікті, ал демалыс күндері жақындарына көңіл бөлгісі келеді, демалғылары келеді. Сол үшін электронды ПИК-ті құратын уақыт жетті. Ол бойынша сіз онлайн режімде жалпы жиналыс өткізіп, барлық мәселені онлайн режимде талқылай аласыз", - дейді Алтай Көлгінов.  

Серіктес жаңалықтары