507
Сауд Арабиясы шетелдік әйелдерді абая киюге міндеттемейтін болды
Сауд Арабиясы шетелдік әйелдерді абая киюге міндеттемейтін болды
Сауд Арабиясының билігі шетелдіктердің елге кіру тәртібін өзгертті.
Бұдан былай шетелдік әйелдер ел аумағында абая (ұзын кең көйлек) киюге міндетті емес, тек ашық көйлек кимеуі керек. Иықтан тізеге дейін жабық киінуі шарт. Жағалауда да осындай киім киюі керек.
Сонымен қатар, шетелдік әйелдер жанында ер адам болмаса да елге кіре алады. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.
Ел билігі виза беретін елдердің тізімін де көбейтеді. Виза Сауд Арабиясының дипломатиялық өкілдіктерінің онлайн ресурсында және елге келгенде қолжетімді. Медициналық сақтандырумен қосқандағы бағасы - 120 доллар.