Сирия АҚШ пен Түркия әскерлерінің өз аумағынан кетуін талап етті

Сирия АҚШ пен Түркия әскерлерінің өз аумағынан кетуін талап етті

Сирия АҚШ пен Түркия әскерлерінің өз аумағынан кетуін талап етті
ашық дереккөзі
355
Дамаск АҚШ пен Түркия әскерлерінің Сириядан шығарылуын талап етті. Сирияның Сыртқы істер министрі Валид Муаллем БҰҰ-ның мінберінде бұл екі мемлекеттің шам жеріндегі әрекеті заңсыз деп мәлімдеді. Сондай-ақ, Вашингтон мен Анкараның Сирияның солтүстігінде қауіпсіздік аймақ құруын халықаралық құқыққа қайшы деп бағалады. «Егер Вашингтон мен Анкара бұл талапқа құлақ аспаса Дамаск екі ел жасақтарына қарсы кез-келген шара қолдануға құқылы» дейді Сирия өкілі. Еске сала кетейік, тамыздың 7-сі күні АҚШ пен Түркия босқындар үшін Сирияның солтүстігінде қауіпсіздік аймағын құру туралы келісімге келген болатын. Оның ені 30, ал ұзындығы 480 шақырымға созылады.

Серіктес жаңалықтары