218
Вице-министр Сириядан қайтарылған балалардың жағдайы туралы айтты
Вице-министр Сириядан қайтарылған балалардың жағдайы туралы айтты
"Жусан" операциясы аясында елімізге Сириядан 506 ала бала жеткізілген. Бұл туралы Елордада өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мәлімдеді.
Асылованың сөзіне қарағанда, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек беруге арналған 15 орталық бар.
"Ол орталықтарда күн сайынғы стационарда 14 баласы бар 4 ана жүр. Қалғандары күндізгі стационарда. Қазіргі кезде шамамен 254 бала мектепке дейінгі біліммен қамтылды, яғни, балабақшаға барды. Ал 153 бала мектепке барып жүр. Сосын 33 жетім қалған бала бар. Олар жетімдерге арналған ұйымдарға таратылды", - деді Асылова астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Вице-министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде арнайы жоспар жасалған. Соның аясында барлық балаға қолдау көрсетіледі. Бәрі арнайы мамандардың бақылауында болады.