Атырау облысында 26 келілік алып сүйек табылды

Атырау облысында 26 келілік алып сүйек табылды

Атырау облысында 26 келілік алып сүйек табылды
ашық дереккөзі
237

Атырау облысындағы Индер ауданы Есбол ауылынан cалмағы 26 келіні құрайтын алып сүйек табылды. Бұл туралы әлеуметтік желі  atpress.kz хабарлады. 

Facebook әлеуметтік желісінде Ұзақбай Шахмет есімді қолданушы ерте заманда өмір сүрген жануардың алып сүйегінің суретін жариялады. Салыстыру үшін ол "Уаз" автокөлігінің жанына қойылған. Индер аудандық "Дендер" газетінің хабарлауынша, оны Орал жағасынан Есбол ауылының тұрғыны Досбол Байғалиев тауып алыпты. Сүйектің салмағы 26 келі, ұзындығы бір метр шамасында. width= Оның қай жануарға тиесілі екенін тек мамандар анықтай алады. Мамонттың сүйегі болуы да ғажап емес. Себебі, мамонт сүйегі осы уақытқа дейін Атырау облысы аумағында, соның ішінде Индер ауданы мен Махамбет ауданында табылған.

Серіктес жаңалықтары