Синоптиктер: Қазақстанның 8 облысында үсік жүреді

Синоптиктер: Қазақстанның 8 облысында үсік жүреді

Синоптиктер: Қазақстанның 8 облысында үсік жүреді
ашық дереккөзі
439
Карск теңізі аймағынан келетін солтүстік циклон Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына ықпалын тигізеді, сонымен байланысты құбылмалы күн райы сақталады. Кей жерлерде түнде көбіне жаңбыр түріндегі жауын-шашын жауады. Республиканың тек оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде антициклон жотасының орналасуына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Жекелеген өңірлерде тұман күтіледі, желдің күші 15-20 м/с күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет». Синоптиктер Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел болады деп болжап отыр. Жамбыл, таңертең және күндіз Түркістан, күндіз Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан түнде және таңертең Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының түнде кей жерлерінде 1-3 градус үсік күтіледі. Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл облысының кей жерлерінде, Карағанды облысының оңтүстік, оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.    

Серіктес жаңалықтары