Дәурен Абаев: Оларға пәтер бөліп берсек, ертең барлығы митингке шығады

Дәурен Абаев: Оларға пәтер бөліп берсек, ертең барлығы митингке шығады

Дәурен Абаев: Оларға пәтер бөліп берсек, ертең барлығы митингке шығады
ашық дереккөзі
601

Елімізде атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жасалып жатқан алаяқтықтың көбеюіне Үкімет алаңдаулы. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министі Дәурен Абаев мәлімдеді. 

«Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алу ісінде алаяқтық жағдайы шынында да, көбейіп барады. АӘК тағайындалатыны хабарлана сала соттарды айырылысу туралы арыздар «көміп тастады». Өткен аптада БАҚ-тан бір отбасы өз баласын балалар үйінен алып кеткені туралы, ал АӘК-ті ресімдеп алғаннан кейін баланы қайта өткізіп жібергені туралы жаңалық оқыдым. Оралда тіпті кейбір адамдардың уақытша Қарттар үйінен қартайған әке-шешесін үйіне алып келгенін естідім. 8 миллион теңге жылдық кірісі бар кейбіреулер нақты табысын жасырған. Сол себепті, Үкіметті бұл жағдайға кәдімгідей алаңдатып тастады. Әлбетте, алаяқтықтың жолын кесіп, ол дертпен күресу керек», - деді Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында. Дәурен Абаев сонымен бірге соңғы уақытта қайталанған көпбалалы аналардың митингіне қатысты пікірін білдірді. «Алаңға шыққан әйелдер кезектен тыс пәтер беруді талап етіп отыр. Ал бұл талап мемлекеттік көмекті әділетті түрде тарату қағидатын бұзады. Осы акциялардан кейін ол әйелдердің көбінің еңбекке жарамды күйеулері бары анықталды. Сондай-ақ, кейбір акцияға қатысушылардың үйі бары да белгілі болды. Олардың көбінің несиесі төленіп, атаулы әлеуметтік көмек, демеушілік көмек берілуде. Мемлекеттің өз міндеттерін орындаудан бас тартып отырмағанын түсіну керек. Бірақ, қазір қысымға беріліп, митингке шыққандарға пәтер бөліп берсек, күні ертең пәтер қалап, барлығы да митингке шығады. Сондықтан, митингке шыққанына немесе шықпағанына қарамастан, мемлекет көмекті халықтың әлеуметтік осал тобына кезегімен көрсететін болады», - деді Дәурен Абаев.

Серіктес жаңалықтары