Ауласына есірткі еккен ордабасылық ұсталды

Ауласына есірткі еккен ордабасылық ұсталды

Ауласына есірткі еккен ордабасылық ұсталды
ашық дереккөзі
263
Түркістан облысы полиция департаменті қызметкерлері есірткі сақтау және өткізу фактілерінің алдын алу және жолын кесу, заңсыз есірткі егумен қатар, басқа да заң бұзушылықтарды анықтау  мақсатында жедел-профилактикалық іс-шараны жалғастыруда, деп хабарлайды Otyrar.kz. Шара нәтижесінде жергілікті тұрғынның ауласынан түбі қопсытылған, суғарылып бапталған 8-түп жасыл түсті, өзіне тән айрықша иісі бар, есірткі затына ұқсас өсімдіктер табылды. Куәгерлердің қатысуымен өсімдіктер сараптамадан өткізу үшін тәркіленіп алынды. Тағайындалған сот-криминалистикалық сараптаманың қорытындысы табылған есірткі затына ұқсас өсімдік «сора» екендігін көрсетті.  Салмағы 5 кг жуық. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 300–бабы бойынша «Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» бойынша тіркелді. Күдікті Ордабасы АПБ-не жеткізіліп, бұлтартпау шарасы ретінде «Келу туралы міндеттеме» берілді. Сондай-ақ, күдіктінің аталған есірткі заттарын қандай мақсатпен өсіргені анықталуда. Тергеу амалдары басталды.

Серіктес жаңалықтары