"Тақиялы Ленин": Ақмола облысындағы Абай ескерткішіне жұрт наразы

"Тақиялы Ленин": Ақмола облысындағы Абай ескерткішіне жұрт наразы

"Тақиялы Ленин": Ақмола облысындағы Абай ескерткішіне жұрт наразы
ашық дереккөзі
960
Степногорск қаласындағы №6 мектеп-гимназияның ауласында орнатылған ескерткішке қатысты тағы да дау шықты. Жұртты мазалап жүрген сұрақ - ескерткіш Абай Құнанбаевқа қойылған ба, әлде Ленинге ме? Sputnik Қазақстан порталы атышулы ескерткіштің тарихына үңіліп, мән-жайды анықтап көріпті. 
№6 мектеп-гимназияның ауласында тұрған ескерткіштің мәселесі талай рет талқыға салынған болатын. Өткен жылы әлеуметтік желілерде видеоролик тарап кеткен еді. Оның авторы мектеп аумағындағы бюсттің Абайға емес, Ленинге тиесілі екенін айтады. "Бұл жерде бұрын Лениннің ескерткіші тұрған. Енді, қараңыз, Лениннің басына тақия кигізіп, Абай Құнанбаев деп қоя салған. Не деген масқара мынау?! Ұят емес пе?", - дейді видеоның авторы. Мектеп директоры Анар Айтжанованың айтуынша, мектептің құрылысы сонау 1977 жылы аяқталған болатын. Ал төрт жылдан кейін оған дана ойшыл, ақын Абай Құнанбаевтың есімі берілді. "1985 жылы күзде Алматы қаласының атқару комитеті Абай Құнанбаевтың ескерткішін жасап, біздің мектебімізге сыйға тартқан болатын. Одан кейін жергілікті зауыт бюсттың астына тұғыр жасап берді. Сөйтіп, 1985 жылы 1 қыркүйекте оның ресми ашылу салтанатты өтті", - деді Айтжанова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында. Оның сөзіне қарағанда, өзі мектепте жұмыс істеген 25 жыл ішінде ескерткішке қатысты мәселе екі рет көтерілген. Тіпті, былтыр бір топ белсенді әлеуметтік желіде сауалнама ұйымдастырыпты.

"Біз әлемдегі Абайдың ескерткіштерін зерделей бастадық. Мәселен, Венгрияда тура осындай ескерткіш бар. Бұл – автордың көзқарасы. Ол Абайды солай бейнелеген. Өкінішке қарай, бізде сол авторға қатысты құжаттар сақталмаған", - деп атап көрсетті Айтжанова.

Қалалық мәслихаттың депутаты Олжас Жағыпаров та Абай мен Лениннің ұқсастығын көріп тұрған жоқ. Оның сөзіне қарағанда, былтыр осы ескерткішке сараптама жасалды. "Өткен жылы қалалық әкімдік бір сәулетшінің қызметіне жүгінген. Оның сараптамасы бойынша бюст тұтастай құйылған. Оның басына тақияны кигізген жоқ", - дейді Жағыпаров. Ал әкімдіктің ресми сайтында көрсетілген мәліметке сәйкес, №6 мектеп-гимназиясы 1977 жылы 31 тамызда ашылған. ҚазССР халықтық білім беру министрлігінің шешіміне сәйкес, мектепке Абай Құнанбаевтың есімі берілді. Екі жылдан кейін ақынның бюсты құйылды. Ал 1979 жылы Степногорск қаласына жеткізіліп, мектептің бас кіреберісі алдында орнатылған. Бас кезінде бюсттың тұғыры төмен болып, ескерткіштің көркін бұзып тұрады. Артынан оны жергілікті зауыт ауыстырып берген.
 

Серіктес жаңалықтары