Елбасы: Халық бұлыңғыр жолда көш бастауыма сенім артты

Елбасы: Халық бұлыңғыр жолда көш бастауыма сенім артты

Елбасы: Халық бұлыңғыр жолда көш бастауыма сенім артты
ашық дереккөзі
260
Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV кеңесінде сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне тоқталді.  «Құрметті кеңеске қатысушылар, қадірменді қонақтар! Еуразия жүрегіндегі ұлы дала еліне, қонақжай қазақ еліне қош келдіңіздер! Парламент спикерлерінің бүгінгі бас қосуын Қазақстан астанасында өткізіп отырғанынымызға қуаныштымыз. Атап айтқанда, осы жиынға Азия мен Еуропаның 60-тан астам елінің делегациялары, 16 халықаралық ұйым өкілдері келіп отыр. Осы кеңестің табысты жұмыс істеуіне баршамыз мүдделіміз. Келгендеріңізге ризашылығымызды білдіреміз. Заң шығару органының қызметіне зор мән береміз. Қазақстан депутаттары әріптестерімен кең ауқымды байланысты орнатып, мемлекетаралық достықты нығайта түсті. Елдеріміздің жоғары өкілді органдарының депутаттары Еуразиядағы ынтымақтастық аясын одан ары кеңейтеді деп сенемін», - деді кеңес барысында сөз алған Нұрсұлтан Назарбаев. Осында кейін Елбасы Кеңес одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіздігін алған әлемде жер көлемі бойынша 9-орынды иеленетін Қазақстанның даму жолына тоқталып өтті. «Елдің Тұңғыш Президенті ретінде 30 жылға жуық уақыт бойы Қазақстан Республикасы деп аталатын мемлекетті құру, елді басқару бақыты бұйырды. Осыншама уақыт бойы халық маған елді бұлыңғыр жолда көш бастауыма сенім артты. Осыншама уақыт елді басқарып келіп, биыл өз еркіммен өкілеттігімізді тоқтату туралы шешім қабылдадым. Арнайы қабылданған заңға сәйкес, Елбасы – Тұңғыш Президент мәртебем бар және қазір оны жүзеге асырып жатырмын», - деді ҚР Тұңғыш Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 1991 жылдан бергі жетістіктеріне тоқталды. Осы уақыттың ішінде еліміз әлемнің дамыған 50 елінің қатарына қосылғанын, жалпы ішкі өнім 18 есе өскенін, республика экономикасының көлемі бүкіл Орталық Азия елдерінің ЖІӨ-сінен 2 есе асып түсетіндігін, халықтың жан басына шаққандағы табысы доллармен есептеген 9 есе артқанын, кедейшілік деңгейі 40 пайыздан 4 пайызға дейін төмендегенін, соңғы 20 жылда 320 млрд доллар тікелей шетел инвестициясы тартылғанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары