23 Қыркүйек, 10:19 447 0 Қауіпсіздік Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Митингте ондаған адам ұсталды

 Қазақстан полициясы үкіметке қарсы митингте ондаған адамды ұстаған. Нұр-Сұлтан мен Алматыда 21 қыркүйек күні болмақ "рұқсат етілмеген митингі кезінде" 57 адам ұсталды деп хабарлады Қазақстан ішкі істер министрлігі.

Бұл адамдардың "заң бұзғаны үшін ұсталып, оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатқаны" айтылған министрлік хабарламасында. Онда тағы "прокуратураның ескертуіне қарамастан жекелеген азаматтардың тыйым салынған экстремистік ұйымның арандату әрекеттеріне еріп кеткені" жазылған.

"Кейбірі құқық қорғау қызметкерлеріне қарсы әрекет ете бастады, осылайша өзге азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығына, жол қозғалысына қауіп төндірді" делінген министрлік мәліметінде.

21 қыркүйекте Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкентте "рұқсат етілмеген митинг" өтіп, полиция ондаған азаматты ұстады.

Оқиға орнында болған Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтанда полиция ұстау кезінде кейбір тұрғындарға дөрекілік танытып, автобусқа итеріп кіргізген. Ұсталғандардың бірі полиция автобусының терезесін сындырып, қашып кетпек болған. Бірақ полицейлер қайта ұстап алған.

Азаттық тілшісінің мәліметі бойынша тағы 20 шақты адам Шымкентте ұсталған.

Соңғы жаңалықтар