"Ұлы дала тарихы" Еуропаның ең үздік туындысы деп танылды

"Ұлы дала тарихы" Еуропаның ең үздік туындысы деп танылды

"Ұлы дала тарихы" Еуропаның ең үздік туындысы деп танылды
ашық дереккөзі

Прагада өткен баспа үйлері арасындағы халықаралық байқаудың қорытындысы бойынша «Ұлы дала тарихы» кітабы Еуропаның ең үздік туындысы болып танылды. 

Сайысқа 100-ден астам баспа үйі қатысты. Үздік шығармалар қолданылған материал, туындының ішкі мазмұны бойынша іріктелді.  Германияда басылған «Ұлы даланың тарихы» еліміздің Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» шығармасының негізінде жазылған. Кітапты безендірумен белгілі баспагер Берік Барысбеков айналысқан. Берік Барысбеков, баспагер: – Бұл кітапты Тұңғыш президент қорының тапсырысы бойынша құрастырдық. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» шығармасы негізінде жазылған. Бұл кітапта біз ұлы дала тарихын біршама толық бере алдық деп ойлаймын. Онда Қазақстан тарихы ғана емес, сонымен бірге ұлы далада қандай халықтар мен ұлы мәдениеттер болғаны туралы да әңгімеленеді. Томас Уэлинг, баспагер /Германия/ – "Ең үздік кітап" аталымы бойынша жеңімпаз атанғанымызға қуаныштымын. Қазақстанмен 6 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. ЭКСПО көрмесіне барып, Қазақстанды көріп қайттым. Өте ұнады. Сондықтан бұл кітап Қазақстанды танып білуге көмектеседі деп ойлаймын.