422
Тұңғышбай Жаманқұлов: Басыма іс түскенде әріптестерім қасымнан табылмады
Тұңғышбай Жаманқұлов: Басыма іс түскенде әріптестерім қасымнан табылмады
ҚР Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов басына іс түскен кезін есіне алды. "Қарақатпен шай" бағдарламасына қонақ болған актер өзі үшін аса қиын әрі ауыр болған сәтінде өнердегі әріптестерінен қолдау болмағанын қынжылыспен жеткізді.
Жаманқұлов басына іс түскенде қасынан тек ет-жақындары ғана табылғанын айтып, кезінде ағасы ретінде сыйласып жүрген бірқатар азаматтың өзінен теріс айналғанын жеткізді.
"Менің жанымды ауыртатын сұрақ осы. Қасымнан келіншегім мен шәкірттерім табылды.
Ал әріптестерім табылмады. Аға деп арқа тұтып жүрген мүйізі қарағайдай көкелерім табылмады. Талай есікті қағып, босағадан кіріп, үлкен қызметтерде отырған бауырлары бар, солармен таныс көкелерім "бұларың не?" демеді. Енді аға дейтін аға қалмады. Өзіміз де ақсақал болып қалдық.Ақсақал болып, араша түсетін, ортадан ойлы сөз тастайтын, арқадан қағып, кері кетіп бара жатсаң "қой" дейтін, жоғарыдағылар сен туралы теріс пиғыл айтып жатқанда "олай емес" деп айтатын, ашуды басатын аға болмады өнерде" , - дейді актер.