8 айда қазақстандықтарға 1,5 трлн теңге көлемінде зейнетақы төленді

8 айда қазақстандықтарға 1,5 трлн теңге көлемінде зейнетақы төленді

8 айда қазақстандықтарға 1,5 трлн теңге көлемінде зейнетақы төленді
ашық дереккөзі
247
Жыл басынан республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге шамамен 470 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 1 трлн 30 млрд теңгеге жуық қаражат бағытталған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша базалық зейнетақы төлемдерін алушылар 2 млн 171 мың 200 адам, ынтымақты зейнетақы төлемдерін шамамен 2 млн 190 мың 100 адам алады. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 2019 жылғы 1 қыркүйекте 85 мың 679 теңгені құрады. Бұл алдыңғы жылғы кезеңмен салыстырғанда 5,5%-ға жоғары. 8 айдың қорытындысы бойынша зейнеткерлердің саны 2 миллион 190 мың адамды құрады, оның ішінде 2019 жылы шамамен 43 мың азамат зейнеткерлер қатарын толықтырды.

Серіктес жаңалықтары