1130
Алматының ең егде тұрғыны 106 жасқа толды
Алматының ең егде тұрғыны 106 жасқа толды
Алматының ең қарт тұрғыны – Күніш Ахмедова 106 жасқа толды. Ол шаһардағы өзгерістердің бәріне куә.
Қала күнінде Медеу аудандық әкімдігінің қызметкерлері қаланың ең қарт тұрғынының үйіне барып қайтты.
Күніш апа 40-жылдары қаланың бүгінгідей жайлы болмағанын айтады.
«Көппәтерлі үйлер болған жоқ. Адамдар суды құдықтан алатын. Аулада тауық, үйрек пен қаздар жүгіріп жүретін», - дейді кейуана.
Күніш Ахмедованың сөзінше, 60-жылдары қалада көпқабатты үйлер белсенді түрде салынып, инфрақұрылым дами бастапты. Зейнеткердің пікірінше, бүгінде қала көркейіп, гүлдене түскен.