"Алтын адам" 20 мемлекеттің мұражайына қойылады

"Алтын адам" 20 мемлекеттің мұражайына қойылады

"Алтын адам" 20 мемлекеттің мұражайына қойылады
ашық дереккөзі
1843
Анкараның Анадолы өркениеттер музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметі хабарлады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 12 қыркүйектен 12 қазанға дейін жалғасады. Көрмеге ҚР Ұлттық музейінің қорларынан барлығы 207 жәдігер ұсынылды. «Анкара қаласында ұйымдастырылған бүгінгі көрменің мақсаты - Еуразияның ұлы дала белдеуінде көне темір дәуірінен қазіргі заманға дейінгі қалыптасқан тарихи-мәдени бауырлас Түркия еліне таныстыру болып табылады», – деді ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы шараның ашылу рәсімінде. Оның айтуынша, Түркия жұртшылығының назарына ұсынылған «Алтын адам» жиырмаға жуық мемлекеттегі мұражайларға қойылады. «Қазақстан әлемдік қауымдастықты өзіндік көшпелі өркениетімен және тарихымен ерекше қызықтырады. Қазіргі уақытта елімізде ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларының аясында мәдениет пен өнер саласында көптеген жұмыстар атқарылуда. Соның бірі және бірегейі өздеріңіз куә болып отырған «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық жобасы. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейі жүзеге асырып отырған бұл жоба аясында Қазақстан тәуелсіздігінің символына айналған Алтын адам Еуропа, Азия және өзге де жиырмаға жуық мемлекеттің назарына ұсынылмақ», –  деді Арыстанбек Мұхамедиұлы. Сонымен қатар, А.Мұхамедиұлы көрмені ұйымдастыруға көмек көрсеткен Түркияның Мәдениет және спорт министрлігіне, Түркия Республикасындағы Қазақстанның елшілігіне, Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының ұжымына алғыс білдірді. Шараның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Музейлер мен мәдени ескерткіштердің Бас директоры Гокхан Язгы, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов қатысты.  

Серіктес жаңалықтары