Көпбалалы отбасылар шағын несиені қалай алады?

Көпбалалы отбасылар шағын несиені қалай алады?

Көпбалалы отбасылар шағын несиені қалай алады?
ашық дереккөзі
279
 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жеке бизнесті бастау үшін көп балалы отбасыларға микрокредиттердің қандай шарттармен берілетінін түсіндірді. Министр Мемлекет басшысының көп балалы аналарды микро және шағын бизнеске тарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасына түзетулер енгізілетінін айтты, онда жеңілдікті шарттармен әртүрлі бизнес түрлеріне кепіл және микрокредиттер берілместен қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беру механизмдері көзделген. «Біз микрокредиттер беру шарттарын қайта қараймыз. Жаңа бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында көпбалалы отбасылардың жобалары үшін микрокредит беру мерзімінің ұлғайтылуы ұсынылады. Кредитті өтеу бойынша қаржылық жүктемені төмендету үшін біз номиналды сыйақы ставкасын (қолданыстағы схема бойынша 6%) төмендетуді ұсынамыз», – деді Біржан Нұрымбетов. Сондай-ақ ол жеткілікті кепіл мүлкі жоқ отбасылар үшін микрокредиттерді кепілдендіру механизмдерін ауыл мен қалаға бөлмей, бірыңғай оператор арқылы тарату жоспарланып отырғанын атап өтті (мысалы, «Даму» КДҚ АҚ). «Атамекен» ҰКП филиалдарының көп балалы отбасылардың бизнес-жобаларын сүйемелдеу мерзімін ұлғайту ұсынылады (қазір 1 жыл). Бұл тұрақты өсу траекториясына шығу үшін стартап жобаларын бейімдеуге мүмкіндік береді. «Кепіл мүлкі және жоғары табысы жоқ көп балалы отбасыларды қолдау мемлекеттік гранттарды ұсыну арқылы, өтеусіз және қайтарымсыз негізде 200 айлық есептік көрсеткіш (505 мың теңге) мөлшерінде көрсетілетін болады. Бұл оларға бастапқы кезеңде «қарапайым бизнеспен» айналысуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті министр. Сондай-ақ, бағдарламаның бюджеттің тиімді шығындалуын арттыруға бағытталған механизмдері қайта қаралады. Бірінші кезекте, оқыту тек жұмыс берушілердің өтінімі бойынша ғана жүргізілетін болады, бағдарламаның нысаналы бағыты азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге негізделеді. «8 айдың қорытындысы бойынша бағдарламаның іске асырылу барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізілді. 402 мыңнан астам адам бағдарлама қатысушысы болды.  280 мың адам, оның ішінде 185 мыңы немесе 66%-ы тұрақты жұмыс орындарына тұрғызылды. Қысқа мерзімді курстарға 32 мыңнан астам адам жіберіліп, оның ішінде 16 мыңы оқуды аяқтады, оқуды аяқтаған 6 мыңнан (42%) астам адам жұмысқа тұрғызылды. Кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 75 мың адамды қамту жоспарланған болса, оның 33 мыңы қамтылды (44%). Бағдарламаға қатысушы 8,5 мыңға жуық адам микрокредиттер, ал 7 мыңнан астам адам гранттар алды. Субсидияланатын жұмыс орындарына 114 мыңнан астам адам орналастырылды. Шамамен 6 мың адам немесе белгіленген жоспардың 62%-ы (9,6 мың адам) қоныс аударды», – деп хабарлады министр. Бұл ретте, жекелеген бағыттар бойынша кейбір өңірлерде бағдарламаның іске асырылу қарқыны төмен екендігін, сондықтан өңірлердің әкімдерінен осы бағыттағы жұмысты күшейтуін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары