378
ТАРИХИ ЖАДТЫ ЖАҢҒЫРТУ – МЕМЛЕКЕТ САЯСАТЫ
ТАРИХИ ЖАДТЫ ЖАҢҒЫРТУ – МЕМЛЕКЕТ САЯСАТЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің рухани әлемін жаңғыртуға қатысты мәселелер жайында жақсы айтылған.
Халықтың рухани дүниесінде ұлттың мерейін көтерер, тарихи жадын жаңғыртар жаңалықтар болып тұрмаса, елдің рухы көтерілмесі анық. Ал елдің рухы дегеніміз мемлекеттің жан-жақты дамуы үшін басты қозғаушы күштің бірі.
Жолдауда маған ерекше әсер еткен нәрселердің бірі – қазақ халқының ұлы тұлғаларына қатысты алдағы уақытта өткізілетін шараларды арнайы атап өтуі туралы айтылған ойлар болды.
Елімізде енді ғана дамып келе жатқан саланың бірі – туризм индустриясы. Жолдауда бұл саланы дамыту жайын айта келіп, Қасым-Жомарт Тоқаев: «Туризмді, әсіресе экотуризм мен этнотуризмді дамытуға экономиканың маңызды саласы ретінде баса мән беру қажет. Алтын Орданың 750 жылдығын төл тарихымызға, мәдениетіміз бен табиғатымызға туристер назарын аудару тұрғысынан атап өткен жөн», – деп, туризм мәселесін қозғай отырып, түп-бастауы арыда жатқан қазақ мемлекеттігін еске салып, тарихи жадты жаңғыртып отыруды көздейді. Ендеше тарихи тамырымызды бүгінмен жалғап отыруда саналы түрде еңбек етіп, өлшеусіз тер төгіп жатқан кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселені де жадынан шығармай, олардың еңбекақысын көтеру жайында мәселе көтерген Жолдаудың қазіргі кезде қоғамдағы ең басты құжатымыз болып отырғаны көңіл қуантады.
Күнқожа ҚАЙРУЛЛА,
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық
консерваториясының оқытушысы