362
Алматы өзендерінің тасу қаупі бар
Алматы өзендерінің тасу қаупі бар
10-11 қыркүйек аралығында Алматы қаласына жақын орналасқан аумақтарда толассыз жауын жауу ықтималдығына байланысты таулы өзендерде бүйірлі ағынның қалыптасуы және су деңгейінің көтерілуі күтілуде. Бұл туралы Алматы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Су деңгейінің көтерілуі апаттық жағдайлар ықтималдығын арттыратындықтан, жергілікті тұрғындар қауіпсіздік шараларына барыншы мұқият болғаны жөн.