Британдық компания Қазақстан нарығындағы жұмысын жандандыра бастады

Британдық компания Қазақстан нарығындағы жұмысын жандандыра бастады

Британдық компания Қазақстан нарығындағы жұмысын жандандыра бастады
ашық дереккөзі
Әлемдегі ең ірі JCB құрылыс техникасын өндірушілердіңэксклюзивті дилері - Orbis Auto автомобиль тобының бөлігі болып табылатын Autodom Machinery компаниясы Қазақстанда өз инвестициялары есебінен салынған алғашқы  JCB орталығын ашты.
Autodom Machinery компаниясы Қазақстан бойынша алты сервистік орталыққа ие, ал саны бойынша жетінші болған жаңа орталық ең ауқымды әрі технологиялық орталық болып табылады. Дилерлік орталық 3S санатына ие болды – оған техника сату (sale), сервис (service), қосалқы бөлшектер (spare parts) кіреді, оның ауданы 1000 шаршы метр, үш сервистік постпен жабдықталған, кең шоу-румы және JCB өнімінің барлық желісіне толық диагностика және жөндеу жүргізуге арналған заманауи жабдықтары бар.
[gallery ids="eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wOVwvRE9TXzAxMjYuanBnIiwidGl0bGUiOiJET1NfMDEyNiIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wOVwvRE9TXzk5MzAuanBnIiwidGl0bGUiOiJET1NfOTkzMCIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wOVwvRE9TXzA3NTkuanBnIiwidGl0bGUiOiJET1NfMDc1OSIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9"]
Тарихы 1945 жылдан бастау алған британдық JCB бренді бүгінгі таңда өз саласының халықаралық көшбасшысына айналды, оның техникасын көптеген елдерде жоғары беріктілігі пен өнімділігі, төмен деңгейлі шуы мен экологиялық тазалығы үшін бағалайды. Компания әлемдік нарықтың 49%-ын қамтиды және әлемдегі әрбір екінші экскаватор-тиегіш осы JCB компаниясымен сатылады. Қазақстанның орасан зор алаңы мен өңірге байланысты өзгеретін ерекше табиғат жағдайларына қарай JCB машиналарын оңтүстік ендіктен солтүстік ендікке дейінгі барлық климаттық аймақтарда жұмыс істеу қабілеттілігі үшін ерекше бағалайды.
- Мен компаниямыздың Қазақстандағы жаңа әрі ең үлкен дилерлік орталықтың ашылуын қолдаймын. Өткен жылы JCB-мен бренд техникасының 100 000 аса бірлігі сатылды және де сату көлемін ұлғайтуды жалғастырудамыз. Қазақстандағы мақсатымыз – келесі жылы нарықтың 20%-дан астам үлесін қамту, сондай-ақ жылдан жылға бұл үлесті ұлғайту болып табылады. Бұл мақсатқа қол жеткіземіз деп ойлаймын, себебі Қазақстан белсенді даму жолында, урбандалу процесі, мегаполистер мен өзге елді мекендерді салу процесі қарқынды жүріп жатыр, ал JCB техникасы құрылыс және экономиканың әр түрлі салаларында кеңінен қолданылады, - деп JCB Sales атқарушы директоры Том Корнел (Англия) айтып өтті.
Orbis Auto автомобиль тобы жаңа дилерлік орталық құрылысына 1,5 миллион доллардан астам инвестиция салды. Орталықтың ашылуы 30-дан астам маманды жұмыс орнымен қамтыды. Персоналдың барлығы – арнайы техника сатушылары да, техникалық персонал да – компанияда тұрақты болып табылатын және ішкі оқуды қамтитын алдын ала тренингтер мен Ұлыбританиядан келген зауыт өкілдерінің қатысуымен жүргізілетін халықаралық тренингтерден өтті.
- Orbis Auto барлық Қазақстан бойынша JCB техникасын сату және оған сервистік қызмет көрсету бойынша бағытты белсенді түрде дамытуда. Әсіресе бұл техника Қазақстанның Батысындағы мұнай-газ секторында жақсы берілген, сондай-ақ ол елдегі барлық құрылыста, сонымен қатар көшені жинау, қардан тазалау сияқты муниципалдық жобаларда қолданылады. Дәл осы британдық өндіруші Алматыдағы алғашқы заманауи Қоқысты сұрыптау кешенін жабдықтауға қатысқан. Бүгінгі таңда біз болашаққа сенімді қарап, құрылыс жабдықтарының әлемдік жетекші өндірушілерінің өніміне деген сұранысы мен біздің мінсіз сатудан кейінгі қызмет көрсетуіміз Қазақстанда бұдан әрі өркендей береді деп есептейміз. Нұр-Сұлтан, Шымкент және Атырау қалаларында JCB 3S дилерлік орталықтарын салу Компанияның жоспарында бар. JCB техникасы серіктестеріміз бен клиенттеріміз үшін одан әрі қолжетімді болу үшін тамыз айында біздің техниканы қаржыландырудың арнайы бағдарламасын іске қостық, - деп Orbis Auto Бас директоры Динара Искакова айтты.
Бағдарламаны қаржыландырумен Orbis Finance компаниясы айналысады, ол Orbis Kazakhstan компаниясының құрамына кіреді және Orbis Auto тобының автомобиль бөлімшелерінің дилерлік орталықтарында автомобиль, жүк және арнайы техника сатып алушыларына арналған қаржы өнімдері мен қызметтерін қазақстандық нарықта анағұрлым тиімді және қолайлы етіп әзірлеуді және ұсынуды жүзеге асырады. Техниканы сатып алғанда клиентке 8 ай ішінде сатып алғаны үшін артық төлем жасамауға мүмкіндік беретін арнайы бөліп төлеу бағдарламасы әзірленген. Барлық төлемдер аталған кезеңге біркелкі бөлінеді және теңгеде бекітіледі, бұл клиенттерді бағам тәуекелдерінен қорғайды. Сондай-ақ компанияның қаржы өнімі кез келген техниканы лизингке 12, 24 және 36 айға Orbis Auto-ның нарықтағы бір де бір бәсекелесінде жоқ төмендетілген мөлшерлемелер бойынша сатып алуға мүмкіндік береді.
Алматыдағы JCB 3S дилерлік орталығы ашылымының шарықтау шегі -Ұлыбританиядан келген операторлар мен компанияның инженер-механиктері басқарған JCB экскаватор-тиегіштердің аты аңызға айналған шоу биі болды. Салмақтары 8 тоннадан асатын машиналар жер бетінен гидравлика күшімен екі метрден артық биіктікке оңайлықпен көтерілді.
Билейтін экскаваторлардың шоу тарихы 1970 жылы басталған, ол кезде JCB компаниясының қызметкері Ноэль Хупер шөміш және механикалық күректің көмегімен асфальтқа тіреліп, гидравликаны қосқан – трактор астынан автомобиль еркін өтіп кететін биіктікке көтерілген. Бұл әрекетті телевизиялық камералардың алдында көрсеткен және дәл сол күні кешке JCB қуаты бүкіл Англиға мәлім болды. Ал бәсекелестер отбасылық Бамфорд компаниясының басшысы мен иесін «цирктік трюкачтар» деп атады, алайда ол бұған өкпесін білдіріген жоқ, керісінше, оларға ой бергені үшін алғысын білдіріп, «JCB экскаваторлары билейтін» «JCB циркінің» негізін салды. Аталған шоу құрылыс және ауыл шаруашылық техникасының барлық ірі көрмелерінің сүйікті қонағы болып табылады. Ал компанияның жаңа дилерлік орталығы Алматыда ашылуының арқасында операторлардың шеберлігін салтанатты жиынның қонақтары бағалай алды.