Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Африкадан келген футболшы Мбала Бомба Роджерді Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің есірткі айналымына қатысты бабымен кінәлі деп таныды, деп хабарлады turkystan.kz.
Ол есірткі құралдарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау және иемдену бойынша айыпталған.
Сот шешімімен Роджер 8 жылға бостандығынан айырылып, жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі түзету мекемесінде өтейтін болды.
Айта кету керек, сотталушы тағылған айыппен келіспейді және өз кінәсін мойындамаған.