508
Нұр-Сұлтанда «Бизнеске арналған үкімет» алаңы ашылады
Нұр-Сұлтанда «Бизнеске арналған үкімет» алаңы ашылады
Елорда әкімі А. Көлгінов өңірлік Кәсіпкерлер палатасы алаңында бизнесмендермен кездесіп, жеке қабылдау өткізді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Кездесу барысында проблемалық мәселелер, оларды шешу жолдары айтылды және «iQala» қалалық қызмет көрсету орталығының базасында «бизнеске арналған үкімет» алаңының ашылуы талқыланды. Кәсіпкерлер «бір терезе» қағидаты бойынша барлық қажетті қызметтерді ала алады.
Елбасының айтуынша, кәсіпкерлер-экономиканың қозғаушы күші. ҚР Президенті ШОБ преференциялар мен жеңілдіктер беру қажеттігін атап өтті.
Жұмыс жағдайын жасау үшін барлық шаралар қабылдануда. Шығарылатын өнімнің сапасына аса көңіл бөлу керек, адал еңбек істеу шарт. Елімізде отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жұмыс істейді. Қазір онда 49 кәсіпорын жұмыс істеуде,біз екінші индустриялық парк құруға кірістік. Кәсіпкерлердің ыңғайлы жұмыс істеуі үшін «бизнеске арналған үкімет» алаңын ашамыз, бизнесмендер «бір терезе» қағидаты бойынша барлық қызметтерді ала алады", - деді А. Көлгінов.
Сондай-ақ, кәсіпкерлер палатасы алаңында қала әкімі шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша жеке қабылдау өткізді. Кәсіпкерлермен кездесу және оларды жеке қабылдау жүйелі түрде өтіп тұратын болады.