5 Қыркүйек, 11:11 470 0 Қоғам "Түркістан" газетінің авторлары

Гаухар Алдамбергенова: Білім беру саласының алдында маңызды міндеттер тұр

Жолдаудың «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» атты басымдығында эко­но­миканы дамыту және әлеуметтік мә­се­лелерді шешудің тиімді тетіктері ұсы­ныл­ды. Атап айтқанда, Президенттің білім беру сапасын жақсартуға жете мән беруі бізді ерекше серпілтті. Мемлекет басшысы мамандар даярлаудың отандық жүйесі нақты еңбек нарығынан тыс қал­ғандығын қадап айтты. Бұл өз кезегінде елде жұ­мыс­сыздар санының өсуіне ық­пал етіп отыр. Ол үшін оқушылардың қабілетін айқын­дап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшу қажеттігі баса ай­тыл­ды. Сонымен қатар қала мен ауыл мек­тептері арасын­да­ғы орта білімнің са­­пасы алшақтап бара жат­қандығы, ауыл­дық жерлердегі білікті педагог кадр­лардың тапшылығы да қау­зал­ды. Бір бұл ғана емес. Президент жо­ғары білімнің сапасы мен түлектердің жұмыспен қам­ты­луына да ерекше тоқ­тал­ды. Осы орайда айта кетейік, жоғары оқу орын­да­рының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген сту­дент­тердің жұ­мыс­пен қамтылуы, жал­ақы­сы жоғары жұ­мысқа орналасуы. Бұл тұр­ғыда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық универ­си­тетінде бірқатар нақты істер жүзеге асырылуда. Оқу орны жұмыс бе­рушілермен тығыз қарым-қатынас ор­на­тып, бос жұмыс орындары жәрмең­ке­лері тұ­рақты түрде өткізіледі. Нәтиже де жоқ емес. Мәселен, өткен оқу жылында уни­вер­ситетті 1548 студент тәмәмдап, олар­дың 95 пайызы жұмысқа орналас­қан.

Менің ойымша, Мемлекет басшысы көтеріп отырған мәселелердің бір тетігі тәрбиемен де тікелей байланысты. Расын айту керек, аталған олқылықты жайттар мен оқыс оқиғалардың көбейіп кетуі от­ба­сындағы тәрбиенің тиісті берілмеуінде.

Балабақша, мектептер мен жоғары оқу орындары бұл тарапта арнайы ке­шен­ді істерді қолға алуы тиіс. Бұл өз кезегінде аталған қылмыстардың салдарымен емес, себебімен күресуге ықпал етпек.

Гаухар АЛДАМБЕРГЕНОВА,

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық  университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Соңғы жаңалықтар