361
Дзюдодан Қазақстан командасы әлем чемпионатында 18-ші орын алды
Дзюдодан Қазақстан командасы әлем чемпионатында 18-ші орын алды
Дзюдодан Жапония астанасы Токиода аяқталған әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан 18-ші орынға тұрақтады деп хабарлайды Olympic.kz.
Естеріңізде болса, Қазақстан сапынан Елдос Сметов қола жүлдегер атанған болатын. Қазақстан жалпы командалық есепте Моңғолиямен бірге 18-ші орынды бөлісуде.
Ал әлемдік дода қорытындысы бойынша 4 алтын, 6 күміс және 5 қола медаль иеленген Жапония құрамасы көш бастады.
Екінші орында 3 алтын және 2 қола иеленген Франция командасы. Үздік үштікті 1 алтын, 1 күміс еншілеген Португалия тұйықтап тұр.