БАҚ өкілдері арасында Президент жүлдесі үшін футболдан турнир өтіп жатыр

БАҚ өкілдері арасында Президент жүлдесі үшін футболдан турнир өтіп жатыр

БАҚ өкілдері арасында Президент жүлдесі үшін футболдан турнир өтіп жатыр
ашық дереккөзі
223
Бүгін елордадағы «Астана Арена» стадионында Конституция күніне орай БАҚ өкілдері арасында ел Президентінің жүлдесі үшін тұңғыш рет шағын футболдан республикалық турнирдің ашылуы өтті. Іс-шараның ашылуына Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли, «Егемен Қазақстан» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі қатысты. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген министр Ата Заң күнімен құттықтады. «Мәдениет және спорт министрлігі атынан барлығыңызды бүгінгі турнирдің ашылуымен құттықтаймын. Біз қашанда бұқаралық спортты дамыту жолында қызмет етіп келеміз. Соған дәлел - бүгінгі турнир. Оның жүлде қоры – 3 500 000 теңге. БАҚ әрқашан билік пен халық арасында көпір іспетті. Осы жолда жасап жатқан еңбектеріңіз ақталсын. Сіздерге сәттілік тілеймін!» деді Ақтоты Рахметоллақызы. Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры – 3 500 000 тг. 1-орын – 1 500 000, 2-орын – 700 000, 3-орын – 300 000 теңгеге ие болады. Сонымен қатар үздік ойыншылар 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталады. Турнирге 32 команда қатысып жатыр. Турнирдің мақсаты – БАҚ қызметкерлері арасында саламатты өмір салтын насихаттау, әріптестік және достық қарым-қатынасты нығайту. Жарысты ұйымдастырушы: Президенттің Баспасөз қызметі және Мәдениет және спорт министрлігі.

Серіктес жаңалықтары