268
Теміртаулық апалы-сіңлілі Немичтер Токиода өтетін Олимпиадада өнер көрсетеді
Теміртаулық апалы-сіңлілі Немичтер Токиода өтетін Олимпиадада өнер көрсетеді
Теміртаулық спортшылар Александра және Екатерина Немич Олимпиада ойындары-2020 додасында әртістік жүзу жарыстары бойынша Қазақстанның атынан өнер көрсетеді. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.
Спортшылар Кванджадағы Су спорты түрлерінен әлем чемпионатының қорытындысы бойынша нормативін орындады.
Олимпиада ойындарына қатысуға дуэттердің біліктілігі бірнеше жолдармен жүргізіледі. Автоматты түрде 10 квотаны Токиоға командаларын анықтаған елдер алады, олардың қатарында Олимпиада ойындарының иесі ретінде Жапонияның өзі де болады. Осылайша, осы жолмен нормативті Ресей, Мысыр, Австралия, Қытай, Украина, Канада елдері орындады. Бес олимпиадалық жолдама бес құрлықтық чемпионаттың әрқайсысында (Жапониядан басқа) үздік рейтингіге ие болған дуэттер арасында ойнатылады. 2019 жылғы әлем чемпионатында оларды Қазақстан (Азия), ОАР (Африка), Жаңа Зеландия (Океания) алды. Панамерикандық ойындардың қорытындысы бойынша Америка атынан Мексика анықталды. Еуропа бойынша ол кейінірек белгілі болады.
Олимпиада ойындарының қалған жеті қатысушысы рейтингке сәйкес олимпиадалық біліктілік турнирінде анықталатын болады. Халықаралық Олимпиада комитеті дуэттерге 22 орын бөлді. Айта кетейік, Александра және Екатерина Немич осыған дейін де, 2016 жылы Рио-да өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. Ол кезде апалы-сіңлілі спортшылар 15-ші орынды иеленді.